Skip to content

АУДАН БАСШЫСЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

    Жетісай ауданының әкімі Мамытов Серік Үсенұлы өз жұмысын аудандағы бірқатар мекемемелер мен ауылдық округтердің тыныс-тіршілігімен, атқарған және алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының барысымен танысудан бастады.

     Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы барған алғашқы нысандардың бірі қаладағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды. Ондағы мекемелердің жұмысымен танысып, несие алуға ниетті азаматтармен тілдесті. Аудан басшысы кәсіпкерлік бөлімі мен ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, бірнеше несие беруші мекемелер орналасқан аталмыш ғимараттың басшысына келушілерге қолайлы жағдай жасауды және мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін несиелерді тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру керектігін айтты.

    Сондай-ақ, аудан басшысы аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында құрылысы жүргізіліп жатқан жалпы сметалық құны 3,8 млрд теңгені құрайтын автоматтандыру газ таратқыш станциясының жұмысын көріп шықты. Жұмыстың сапасы мен кестеге сай жүргізілуіне назар аударып, мердігер мекеме өкілдерімен, жұмысшылармен тілдесті. Қажеттіліктеріне құлақ түрді. Аудан тұрғындарына қажетті мөлшерде газ жеткізіп беру, табиғи отын тапшылығын болдырмау мақсатында қолға алынған Қарақай ауылдық округіндегі «Жетісай» және Ынтымақ ауылдық округінде «Киров» АГТС бойынша жауапты жеңімпаз мекеме «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС тарапынан жұмыстың сапасы мен бекітілген кестеге сай қолданысқа тапсырылуы қатаң бақылауға алынған. Екі бірдей газ тарату станциясы іске қосылса аудан тұрғындары тұтынып келген 18 мың текше метр газға қосымша 50 мың текше метр қосылатын болады.

    Айта кетейік, жүйелі атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде аудандағы 113 елді мекеннің 56-сы көгілдір отынға қосылып, 52,8% құрап отыр. Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шара жоспары түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *