Skip to content

АУДАН КӨШЕЛЕРІНЕ ҚҰМ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

   Жаңа 2023 жылдың алғашқы күндерінде ауа-райының күрт өзгеріп, қардың шамадан көп жаууы салдарынан орын алуы ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Жетісай ауданында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жолдар тазаланып, қарлар қаладан тыс аумақтарға шығарылуда.

    Алғашқы қар жауған күннен бастап аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серікбай Қонысбекұлының төрағалығымен құрылған жұмысшы топ мүшелерінен арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылып, апатты жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Төрағаның тапсырмасымен қар жауған алғашқы күнде қала, кент, барлық ауылдық округтерде көшелер мен әлеуметтік нысандарға баратын жолдар қардан тазаланып, оған аудан бойынша 500-ден астам жауапты сала мамандарымен қатар жергілікті тұрғындар, мекемелер мен шаруа қожалықтардан, кәсіпкерлер тарапынан 48 арнайы техникалар жұмылдырылған болатын.

Берік Мамбетов,  Жетісай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

Бүгінде аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мұз қатқан көшелерге тұз аралас құм себу, су басу қуіпінің алдын алу мақсатында жиналған қарларды егістік алқаптарға шығару жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Жауапты сала мамандарының мәліметінше күні бүгінге дейін 80 камаз қар шығарылып, ауданаралық және ауданішілік, қала, кент, ауылдық округтердегі көше қиылыстарына 60 тоннадан астам тұз аралас құм төселген,- деді.

Жеңіс Байжанов,  Қала тұрғыны

Одан бөлек, электр желілері мен газ, ауыз су қызметі салаларында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кезекшіліктер ұйымдастырылып, күшейтілген. Айта кетейік, кейбір елді мекендерде де тұрғындар орын алған жағдаяттарға түсіністікпен қарап, автомобиль жолдарына асарлатып құм, тұз себу жұмыстарын жүргізуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *