Skip to content

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУҒА 326 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

   2019-2022 жылдары ауылдарды дамытуға арналған “Ауыл – ел бесігі” жобасын іске асыру үшін 326 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады. Министр биылғы жылы да  ауылдық елді мекендерді дамытуға млрдтаған қаржы қарастыруды жоспарлап отырғанын да жеткізді. Бөлінген қаржы қайда, не мақсатта  жұмсалды?  Толығырақ әріптесім Әсем Жумалиеваның бейнематериалында  

   Елімізде 6293 ауылдық елді мекен бар. Соның 3,5 мыңы Ауыл ел бесігін жобасын іске асыру үшін таңдап алынған. Соңғы үш жылда ауылдық жерлердің инфрақұрылымын, әлеуметтік саласын жақсарту үшін республикалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 3,7 мың жоба іске асырылған. Атап айтқанда:

 Әлібек Қуантыров,  ҚР Ұлттық экономика министрі:

– 334 тұрғын – үй коммуналдық – шараушылық обьектілері, 1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым обьектілері және 2,2 мың көлік инфрақұрылым обьектілерін, атап айтқанда ауыл ішіндегі жолдарды жаңадан салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды, –  деді.

 Ал 2022 жылы 577 ауылдық елді мекенде 1000 нан астам жоба  жүзеге асырылған. Бұл мақсатқа 128 млрд теңге қаржы бөлінген. Игерілуі 94 пайызды құраған. Салынған нысандардың басым бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі деді министр. Биыл да әкімдіктермен бірлесіп,  аталмыш жобаны іске асыру үшін млрдтаған  қаржы қарастырып отырғанын жеткізді.

Әлібек Қуантыров,  ҚР Ұлттық экономика министрі:

– 2023 жылы министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, 736 ауылдық елді мекенде 143 млрд теңге сомасына 1,5 мың жобані іске асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде 102 млрд теңгесі жалпы сипаттағы трансферттер есептеліп, жергілікті бюджеттер шығыстарының базасына берілді. Бұл – тұрғын үй коммуналдық- шаруашылық саласындағы 119 жобаны, әлеуметтік- инфрақұрылымның 275 жобасын, оның ішінде 91- білім беру, 45-денсаулық сақтау , 139 – мәдениет және спорт саласындағы жобаларды іске асыруға және ауыл ішілік жолдарды жақсартуға бағытталған. 1,1 мың жобаны оырндауға мүмкіндік береді, – деді. 

   Жиында министр мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, ауылдық аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын таныстырды. Оның мақсаты мен тәсілдері туралы айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *