Skip to content

БИЫЛ 10 КӨШЕ ЖӨНДЕЛМЕК

   Биыл Жетісай қаласында 10 көше орта жөндеуден өтпек. Жөндеу жұмыстарына аудан қаржысынан 200 млн – ға жуық қаржы қаралып отыр. Бұдан бөлек тағы қосымша 8 көшенің жобалық сметалық құжаты дайын. Жағымды жаңалықпен Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бақтияров бөлісті.

   Жетісай қаласында жалпы ұзынды – кішілі 201 көше бар. Бүгінгі таңда соның 38 пайызы жарамсыз көшенің санатына жатады. 62 пайызы ғана қанағаттанарлық жағдайда. Сондықтан аудан бюджетінен 10 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге  қомақты қаржы бөлініп отыр. Атап айтқанда, Сүйінбай, Мади, Абдалиев, Кан өткелі, Оңдасынов пен Абай көшесінің тұйығы,  Әжібеков, Марғұлан , Нұрбеков және Жоба көшелері орта жөндеуден өтеді.

Нұрлыбек Бақтияров, Жетісай қаласының әкімі

  Қазірде 10 көшесіне нақты қаржы қаралып тұр. 89 млн  569  мың теңге. Осы  89 млн  569  мың теңгеге  10 көше толық асфальттанатын болады. Орта жөндеуден өтетін болады. Одан бөлек көпқабатты үйлеріміз бар. Мына Амангелді көшесінің жоғарғы жағындағы сол үйлердің де аулалары толық реттелетін болады. 109 млн 59 мың теңге. Одан бөлек біз қазір 8 көшеге 80 млн теңгеге смета дайындап отырмыз. Егер қаржы көздерін тапқан жағдайда оларды да міндетті түрде орта жөндеуден өткізетін боламыз.

  Иә,  шаһар басшысы айтқандай биыл 10 көшеге асфальт төселетін болса, қала көшелері біршама ретке келмек. Бұдан бөлек, қаладағы ойын алаңшаларын ағымдағы жөндеуден өткізуге 34 млн ға жуық қаржы қарастырылып отыр екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *