Skip to content

БОРАН САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ

  Жаңа жыл басында Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеруінен таулы аймақтарда желдің екпіні 30м/с асып, қалың қар түскен болатын. Таулы аудандардағы республикалық маңызы бар жолдар жабылып, бірқатар елді мекенде электр желілері істен шықты.

  Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынды. Облыстық әкімдікке қарасты құрылымдар, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, ішкі істер департаментінің өкілдері, «Оңтүстікжарық» энергетиктері, «Қазавтожол» техникалары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, 24/7 режимде жұмыс істеп жатыр. 

  Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына арнайы барып, табиғаттың тосын мінезінен болған жағдайдың салдарын жою жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға, мамандарға жолдарды қардан тазалап, елді мекендердегі электр желілерін жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. 

  Қатты жел мен қарлы боранның салдарынан Созақ, Отырар, Қазығұрт, Сауран, Бәйдібек аудандары мен Кентау қаласында электр желілері үзіліп, қазіргі таңда оны қалпына келтіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Бүгінде Бәйдібек пен Созақ аудандарына күш салынды. Онда барар жолдың қар астында қалуы жұмысқа бұғау болуда. 

  Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан республикалық, облыстық жолдарды қардан тазарту үшін жалпы 133 адам, 74  техника, ал жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 97 адам, 41 техника көмекке жіберілген. Қазіргі таңда «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 37 бригада, 41 бірлік техника залалды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстарды жеделдету мақсатында зақымдалған электр желілерін қалпына келтіру бойынша қосымша бригадалар жасақталып жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *