Skip to content

ЕРЛІК МӘҢГІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

     “Ерлік мәңгі ұмытылмайды”.  Бүгін  осындай айдармен Мақтаарал ауданында салтанатты іс шара өтті.  Жас ұрпақты отансүйгіштікке  баулуды мақсат тұтқан шара Ауған соғысының аяқталғанына 34 жыл толуына орайластырылды, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Шараның шымылдығы қан майданда қыршын кеткен боздақтарды үнсіз тұрып еске алумен түрілді. Аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы бейбіт елде тұрып, мақсатсыз  соғыстың құрбандары болған ауған ардагерлерін Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күнімен құттықтап, олардың бұл ісі – патриотизмнің нағыз жарқын үлгісі екендігін атап өтті.

 Алтын Ешанкулова; Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары

Соғыста ешкім  ешкімнің басынан сипамайды. Сіздер мынау жастар қандай болатынын білу керек. Қәзір біздің көк аспанымыз ашық. Бейбіт заманымыз, еліміз осының бәрі аллаға шүкір тыныш заманымызда өмір сүріп отырсыздар. Сол жастарымыз сіздерден тәлім тәрбие алып әрі қарай армияға барып Отанын қорғауға үйрену керек.

    Кеш барысында  мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама қойып, шараның салтанатын аша түсті. Жиын барысында тәжік-ауған ардагерлерінің төрағалары сөзге шығып, ауған соғысының шығу себептері туралы кеңінен баяндама жасады. Сұрапыл соғыстың кәуәгерлері бақандай 10 жылға созылған ауған жеріндегі соғыстың зардаптары туралы әңгімеледі. Алайда, бұл соғыс интернационал жауынгерлердің жүрегінен, санасынан өшкен жоқ. Өйткені соғыс салған жара ешқашан жазылмақ емес.

 Жұмабай Сапарбеков; Ауған соғысының ардагері

1985 жылы ноябрдің онына түстік. Сол жерде бізді 6 ай дайындады ауғаныстанға Сөйтіп апрельде Ташкентке алып келді. Онда зворда болдық 10 күн. 29 апрельде келіп 10 май күні самолетпен Ташкенттен тағы 8не ұштық. Онда 120 баланың ішінде 40 бала кеттік. Содан 16 тірі қайттыққой.

   Иә, ауған соғысы ардегерлерінің ерлігі бүгінгі жастарға мықты тәлім болатыны сөзсіз. Көкірегін оққа тосқан батырлар ерлігі  бүгінгі бейбіт күнде әр кез назардан тыс қалмақ емес. Айта кетейік биыл оларға жергілікті бюджет есебінен бір реттік 100 мың теңгеден қаржылай сыйақы тағайындалған.

Ерғали Базарбаев; Қазақстан ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Іс-шараның мақсаты он қолынан өнер тамған жастарды патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу. Жәнеде ауған жерінен шыққанына 34 жыл толуына орай іс шара жасап жатқан жайымыз бар. Аудан әкімдігіне өте ризамын. Жылда осындай шара өткізіп отырады. Келесі жылда кең ауқымда өтеді деп ойлаймыз.

   Биыл Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл. Бейбіт күнде дәуір құру жолында тер төккен майдангерлердің ерлігі қашанда ел есінде. Аға буынның ендігі көздегені, өскелең ұрпақтың ержүрек батыл азамат болып өсуіне үлес қосу.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *