Skip to content

  ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНА БІР ЖЫЛ

  Қаңтар оқиғасына бір жыл. Қасіретті қаңтарда қаншама отандастарымыз жазықсыз оққа ұшты. Бірі ата-анасынан енді бірі бауырынан тағы бірі бауыр еті баласынан айрылды. 2 қаңтарда басталған бейбіт шеру 5қаңтарда бүлікке, соңы тонау мен кісі өлтіруге ұласты.  Қасым Жомарт Тоқаев тәртіпсіздіктерді мемлекеттік төңкеріс әрекеті деп атады.

   2 қаңтар күні Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен , Ақшұқыр және Құрық тұрғындары сұйытылған газ бағасының екі есеге 60 теңгеден 120 теңгеге дейін өсуіне байланысты бейбіт митингіге шықты. Президент дереу шешім шығарып жанар жағар май бағасына қатысты пакет ұсынуды тапсырды. Алайда түрлі талаптар қойылған наразылық еліміздің әр өңірінде жалғасыты. Арты  тәртіпсіздікке ұласып, маңызды нысандарды басып алу өртеу әрекеттері орын алып, сауда орындары тоналды. Дәл осы күні 5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздікке қатысты төтенше жағдай жарияланды.

  Қасымбек Хамедов, Мақтаарал ауданы мемлекеттік қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің   төрағасы  

  “Дер кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев екі шараны қолданды. Біріншісі мына көршілес ынтымақтас мемлекеттердің әскерлерін кіргізді, қауіп қатері жоғары обектьлерді күзетті, үшінші бұл тікелей шешім қабылдады, аяусыз күресті. Егерде Қасым-жомарт Тоқаевтан  басқа азамат болғанда, мұндай кардинатталық шешім қабылдай бермегенде, қаңтар оқиғасы жеңгенде біздің не болатынымызды ешкім білмейді.”

  Қасым Жомарт Тоқаев арнайы үндеу жариялады. “Қандай жағдай болмасын, мен елордада боламын. Бұл менің конституциялық міндетім-халықпен бірге болу” деп атап өтті.  10 қаңтар жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қасіретті қаңтарда еліміз бойынша 5149 адам жараланып, 238 адам қаза болды. 19 әскери және күштік құрылымдардың қызметкерлері еді.

  Қасымбек Хамедов, Мақтаарал ауданы мемлекеттік қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің   төрағасы  

  “Қаңтар құрбандарын екіге бөлу керек, біреулер себепсіз зардап шеккендер, екіншілері сазайын тартқандар. Ол сазайын тартатындар әліде сотты басталдығой, бүгінде телевизордан береміз деп жатыр еді, оларды аямау керек. Мынау тосаттан болған жайттар бар оның ішінде, кетіп бара жатқан адамдардың жарақат алғаны бар, және де ерме өзінің ұстанымы жоқ, тамаша көреміз деп барғандар бар. Ал ішінде аналар ұрылар қиратып жатқан, қанша милардтардан мүліктерді қиратты.”

   Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті. Қаңтар қасіретіне қатысты баяндамалар жасалып сауалдарға жауап берілді. Сондай ақ, ұсыныстыр айтылды.

  Абзал Құспан, Құқық қорғаушы, адвокат

 «Қаңтар оқиғасы – бізге билік пен қоғам арасында диалог орнату қажеттілігін түсіндірді» «Комиссия атынан төмендегідей ұсыныстар енгізгім келеді. Қаңтар оқиғасы салдарынан қаза тапқан барлық азаматтың отбасына материалдық көмек ұйымдастыру, тергеу және сот процестерінің мейлінше ашық өтуін қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде өңірдің белсенді азаматтарымен қоғамдық институттар арқылы тығыз байланыс орнату, ескі Қазақстан кезінде негізсіз айыпталған азаматтардың істерін қайта қарап, сот әділдігін қамтамасыз ету. Сол арқылы біз қасіретті қаңтар сияқты оқиғалардың алдын алып әділетті Қазақстан орнату мақсатына біртабан жақындай түсетін боламыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *