Skip to content

ҚАҢТАРДАҒЫ ТӘРТІПСІЗДІКТЕН КЕЛГЕН ШЫҒЫН КӨЛЕМІ АТАЛДЫ

  Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздіктен келген шығын көлемін айтты, Ресми мәлімет бойынша, елдің сегіз облысында 42 қоғамдық ғимарат зақымданған.

  Роман Склярдың айтуынша, ең қатты зақымданған  Алматы қаласы Президентінің резиденциясы. Бұл нысанды қалпына келтіру емес, оны бұзу туралы шешім қабылданған. Бұдан бөлек 41 нысанды қалпына келтіру үшін миллиардтаған қаражат бөлінген.

Роман Скляр, Премьер-министрдің бірінші орынбасары

  Бүгінгі күні 41 нысанға 31 миллиард 100 миллион теңге бөлінген. 37 объект қалпына келтірілді. Осы айда Жетісу облысы әкімдігінің ғимаратын, наурыз айында Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық ақпарат статистикасы орталығының ғимаратын және Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Көпшілігі наурыз айында қалпына келтіріледі»

  Ол Алматы қаласындағы телерадиокешеннің ғимаратын қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан бұзу туралы шешім қабылданғанын айтты. Коммерциялық мүлікке келетін болсақ, барлығы 350 коммерциялық нысан зардап шекті. Барлығы бүгінгі күнге дейін қалпына келтірілді. 1789 кәсіпкерлік субъектісі келтірілген залалды тікелей өтеуге өтініш білдіріп, оларға барлық шағын және орта бизнес субъектілері бойынша 16 млрд 700 млн теңге толық көлемде өтелді», деп түйіндеді сөзін Премьер-министрдің орынбасары.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *