Skip to content

ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

   Мақтааралда қар тазалау жұмыстары қарқын алды. Бүгін таңертең аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Онда арнайы штат құрылып,  қазіргі таңда кенттер мен ауылдық округтердің барлығында қар тазалау жұмыстары тынымсыз жүріп жатыр.

  Аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасымен тиісті коммуналдық мекеме басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің ішкі көшелерін, ең бірінші кезекте мектепке, балабақшаға және медицина мекемелеріне алып баратын көшелерді қардан тазартуға арнайы жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, кенттер мен елді мекендердің орталық көшелеріне, бағдаршамдардың қиылысына, көпірлерге тұзда, құмда себілуде.

  Аудан басшысы алдағы бір аптада соңғы он жылдықта болмаған аяз болатынын, сондықтан әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелерін қатаң бақылау керектігін ескертті. Тұрғындарға газ жүйелерінің қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін еске салды. Сонымен қатар, облыстық, республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту тұрақты түрде жүргізілуде.

  Комиссияның шешімімен төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі арнайы штаб құрылды. Штабтың төрағасы – Б.Асанов, орынбасары – Ғалым Жұмаділов.

  Айта кетейік, қазіргі таңда кенттер мен ауылдық округтердің барлығында арнайы техникалар жұмылдырылып, қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *