Skip to content

КӘСІПКЕРЛІКТІ ТАЗА ПАРАҚТАН РЕТТЕУ РЕФОРМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

     2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 4,7 млн адамға дейін өсуі мүмкін.  Бұл  мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін төмендете алады. Мұндай жетістікке кәсіпкерлік  қызметті таза парақтан реттеу реформасының арқасында қол жеткізілмек . Бүгін Үкімет отырысында аталмыш реформаның іске асырылу барысы талқыланды.

    Жиында  Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бүгінгі таңда реттеудің барлық 44 саласы қаралғанын, 2 823 нормативтік-құқықтық актіге талдау жасалғанын баяндады. Нәтижесінде мемлекеттің жаңа реттеуші саясатының шарттарына сәйкес келмейтін бизнеске қойылатын 10 108 талап анықталған. Сонымен қатар реттеу салаларын талдау қорытындысы бойынша Smart Data Ukimet платформасында кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптар тізілімі іске қосылды, ол реттеуші актілерді тұрақты негізде қайта қарауға мүмкіндік беретінін айтып, ерекшелігіне тоқталды.  

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі

Тізілім бұл реттеуші актілерді тұрақты негізге қайта қарауды қамтамасыз ететін, кәсіпкерлік ортаға кері әсер ететін талаптарға қатысты «Реттеуші гильотина» әдісін қолдануға мүмкіндік беретінін міндетті тетік. Тізілім реттеуші актілерге олардың жаңа реттеуші саясатына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізу мерзімінен аяқтауды көздейді. Тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершіліктен босату тізілімнің ерекшелігі болып табылады.

   Үкімет басшысының айтуынша, Орынсыз бірін – бірі қайталайтын талаптарды алып тастау жұмыстары әрі қарай да жалғасатын болады.

  Ал «Жалпы «таза парақтан» реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте, мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінулері керек. Алдағы 5-6 жылда реформа өзінің жемісін берері сөзсіз деді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі

2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 млн адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.Сондайақ мына мәселелерге тоқталғым келеді;

1- Салалық мемлекетттік органдар, “Атамекен”палатасымен бірлесіп , бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнамалық өзгерістердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету керек. Жақын арада Парламентке тиісті заңнамалық актілердің пакетін енгізу қажет

   Одан бөлек, Әлихан Смайылов ашықтықты арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын алушыларды іріктеу рәсімдерін одан әрі автоматтандырудың, сондай-ақ әкімдіктер мен министрліктер тарапынан өндірістің, инфрақұрылым мен электр энергиясының негізгі факторларына тең қол жеткізу бойынша жаңа бизнес-жобаларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *