Skip to content
Главная страница » КЕН БАЙЫТУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

КЕН БАЙЫТУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

     GRK Metallinvest LLP компаниясы Кентау қаласындағы «Аңсай» кен орнында барит өндіретін зауыт салмақ. Кен байыту кешенін қайта жандандыруды көздеген компания басшыларымен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвестициялық жобаның қыр-сырымен танысты. Жауапты басшыларға жобаны зерделеуді тапсырды.

    Бір кездері Кентау кен өндірумен аты әлемге танылған еді. Кейіннен тұралап қалған кәсіпорындарға отандық және шетелдік инвесторлар қаржы бөліп, түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Компания Кентаудың Байылдыр ауылындағы «Аңсай» кен орнында кен байыту кешенін салып, ашық тәсілмен барит өндірмек. Осылайша мұнай-газ, химия, лак-бояу, шыны, құрылыс және басқа да салаларға арналған жоғары сапалы барит концентратын өндіруді қолға алмақ. Бұл импортты алмастыруға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға сеп болмақ. Алда өнімді шетелге де экспортауды жоспарлап отыр.

   Барит – суда ерімейтін, сульфаттар класының минералы. Инвесторлар 12 млрд теңге көлемінде қаржы салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорында жылына 250 мың тонна табиғи барий сульфатын алу көзделген. Өндіріс орнында 350-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Жобаны жүзеге асыру үшін жарық, газ бен теміржол торабымен қамтылуы керек.

   Елімізде барит өнімінің негізгі тұтынушылары мұнай газ саласындағы ұлттық компаниялар. Өнім нарықта сұранысқа ие. Бұрынғы кеншілер тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Инфрақұрылым дайын болған жағдайда, өндіріс орны 2024 жылы өз жұмысын бастай алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған