Skip to content

КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

  “AMANAT” партиясы Жетісай аудандық филиалының кезектен тыс ХІV конференциясы өтті.  Онда партияның аудандық филиалына төраға сайлау, Саяси кеңестің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы екі мәселе талқыланды. Мәжіліске “AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев келіп қатысты.

   Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әкімдер мен олардың орынбасарлары партияда қандайда бір лауазым иеленбейді. Осыған орай бүгінде аумақтық филиалдарда жаңа төрағалар сайлау үстінде.  Осы мақсатпен ауданға келген Полат Тұрсынбаев жиында лайықты деп танылған үміткер ретінде Әділхан Асауовты саяси ұйымның аудандық филиалының төрағалығына ұсынып, делегаттардың ашық дауыс беруінің нәтижесінде лауазым иесі атанды. Ол өзіне артылған сенімді ақтап, партияның алға қойған міндеттерін абыроймен орындайтынын жеткізді.

Полат Тұрсынбаев, AMANAT” Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары

  Түркістан облыстық “Amanat” партиясы төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлының келісімімен бүгін міне “Amanat” Жетісай аудандық “Amanat” партиясының төрағасына Асауов Әділхан Жолдасұлын сайлап отырмыз. Ол көпшілік конференцияға келген азаматтар дауыс берді. Асауов Әділхан Жолдасұлына келетін болсақ ол тәжірибиелі маман. Партияда бірнеше жылдан бері басқару жұмыстарын атқарып келе жатыр осы ауданды.

  Жиын барысында партияның облыс көлемінде атқарған жұмыстары талқыланды. Осы орайда “Жер аманаты” жобасы бойынша партиядан арнайы коммияси құрылып жүйелі жұмыстар жасалғандығы айтылды. жобасын

Полат Тұрсынбаев, “AMANAT” Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары

  Осы “Жер аманаты” коммисиясы құрылып аудандық филиалдармен бірге үлкен жұмыстар атқарылды. Жалпы 2022 жылы Түркістан облысында “Жер аманаты” коммисиясының жұмыс жоспарына сәйкес бізде 1млн 700мың жайылымдық жер қайтарылу керек болса, қәзір 1млн-нан астам жер қайтарылды. Енді қәзіргі уақытта осы қайтарылған жерлердің барлығын халыққа тиімді және заңды қайтадан біз ортақ пайдалануға беруіміз керек. Бізде жайылымды жерлердің тапшылығы шешіледі.

  Конференция барысында аудандық филиалдың Саяси кеңесінің жаңа құрамы да бірауыздан сайланды. Жиын өзара пікіралмасу, ұсыныс-тілектерді ортаға салу негізінде жалғасын тапты. Сондай-ақ ауыл азаматтарының табысын арттыруға арналған “Ауыл аманаты” жобасын жүзеге асыруда белсенділік танытатынын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *