Skip to content

КОЛЛЕДЖ  СТУДЕНТТЕРІНІҢ  61%  ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚИДЫ

   Еліміздегі колледж студнттерінің 61 пайызы қазақ тілінде білім алып жүр. Ал, жалпы оқушылардың саны – 525,9 мың адам, оның ішінде 251,2 мың адам немесе 47,8% – әйелдер. 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 6,5% көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Сондай-ақ, күндізгі оқу бөлімінде оқушылардың 95,8%, кешкі және сырттай бөлімдерде тиісінше 0,2% және 3,9% оқиды.

  Оқу орындарында  316,1 мың адам мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқиды, бұл – оқушылардың жалпы санының 60,1%, 209,8 мың адам немесе оқушылардың 39,9% ақылы негізде білім алады. Еліміздегі колледждерде Мемлекеттік тілде оқитындардың үлесі – 61%, орыс тілінде – 38,8% және ағылшын тілінде – 0,2%.

  Бұған дейін 2022 жылы түлектердің саны 138,8 мың адамды құрады, оның ішінде 83 мың адам немесе 59,8% жұмысқа орналасқан және 19,9 мың адам немесе 14,3% жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырған.

   Республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36,9 мың педагог және 5,4 мың өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Педагог санаттары бойынша 868 адам – педагог-шебер, 6 049 адам – педагог-зерттеуші, 4774 адам – педагог-эксперт, 6 004 адам – педагог-модератор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *