Skip to content

КРЕДИТ ҚАЛАЙ КЕШІРІЛЕДІ?

   2023 жылдың наурыз айынан бастап бірқатар азамат қарыздың қарғыбауынан босатылады. Кредиттен құтылуға мүмкіндік беретін заң жобасы мақұлданды. Қазақстан азаматтары өздерін үш жағдайда банкротпын деп тани алады. Банкроттыққа өтінішті қабылдау қай кезден басталады және процес барысы туралы кеңінен әріптесім Лаура Алпысбай тарқатады.

   Соңғы мәлімет бойынша елімізде 8 млн адамның берешегі бар.Қарыз суммасы  22 трлн теңгеден асады. Ал кредиттік бюроның “қара тізімінде” 1 млн 200 мыңға жуық адам тұр. Бұл дегеніміз несие қарызын уақытылы өтей алмай жүргендер. Осы орайда,олардың басым бөлігі банкротпын деп жариялау рәсімін қолдана алады.

Серік Жасұзақов, Мақтаарал аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

   Заң азаматтар банкроттық қолдану рәсімдеу үш түрін көздейді. Бұл біріншіден  соттан тыс банкроттық, екіншіден сот банкроттығы, үшіншіден төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімі. Барлық үш процесс тек борышкердің өзі бастайтынын назарға аударамын. Яғни,несие беруші борышкерге қатысты аталған рәсімдерді бастауға құқығы жоқ.

 Алдымен, соттан тыс банкроттық. Оған банктер, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлар алдындағы қарызы 5 миллион теңгеден аспаған азаматтар кіреді.  Өтініш беруші азаматтарға қойылатын шарттарды Мақтаарал аудандық кірістер басқармасының маманы Абзал ҚҰРМАНБЕКОВ түсіндіріп өтті.

Абзал Құрманбеков, Мақтаарал аудандық кірістер басқармасының басшы орынбасары

  Банктер, микроқаржы ұйымдар және коллекторлар алдындағы борышы 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.  Яғни 2023 жылы АЕК  3354 теңгеден аспауы керек.5  520000 теңгеден аспауы керек.Екінші банктер микроқаржы ұйымдарымеен коллекторлар алдындағы борышы 12 ай көлемінде өтелмеген болуы керек. Үшінші борышкердің меншік құқығында мүлкі сондай-ақ бірлесіп алған мүлкі болмауы тиіс.  Төртінші банкпен қаржы ұйымдарымен мерзімі өткен берешектерді реттеу рәсімдерін өтеу қажет.

  Ал егер қарыз соммасы бес млн-нан асып кетсе, мәселе тек сот арқылы шешіледі. Және рәсім барысында борышкердің мүлкі сатылып, түскен қаражатпен қарызы жабылады. Бірақ бұл мәселе бастапқы келісімге байланысты. Егер азамат тұрғын үйді кепілге қойса, онда сатылымға шығарылады.

Ербол Алтенов, Мақтаарал ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы Салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің басшысы

  Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сатылуыға жатады. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысаны болып табылса, онда кредит қоры оны сот барысында алып қоюға құқылы. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса ол мүліктік массаға енгізілмейді. Қаржы басқарушысы тағайындалады. Қаржы басқарудың қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінде жүргізіледі. Кешіктірілген төлемдер он екі ай болуы керек. Банкроттық жүргізу мерзімі алты айды құрайды. Алты айға ұзарту мүмкіншілігі бар. Сот банкроттығы рәсімін жүргізу барысында мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа мүлікті иеліктен шығару міндеттемелері бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады.

  Үшінші рәсім төлем қабілеттерін қалпына келтіру бойынша сот жүзінде жүзеге асады. Яғни белгілі бір уақыттан кейін несиені 5 жылға дейін  бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Бұдан бөлек банкрот мәртебесі берілмейді және шетелге шығуға шектеу жоқ.

   Әзірге қанша адамның қарызы кешірілетіні, қаншасына бөліп төлеуге рұқсат берілетіндігі белгісіз. Сарапшылардың айтуынша бәріде азаматтардың цифрлық және қаржылық сауаттылығына тікелей байланысты. Өйткені банкрот деп танылу үшін азаматтар, өздері құжат тапсырып қам қылуы тиіс. Анығында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң халықтың осы екі саладағы сауатын көтеруге қамшылай түспек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *