Skip to content

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ АЗАМАТТАР

  Өңірде құрметті азаматтар қатары көбейе түсті. Мақтаарал ауданның өркендеп, өсуі мен дамуы жолында  қосқан үлесі үшін ауданның бірқатар еңбек ардагерлері мен  бірнеше сала мамандарына аудан әкімі Бақыт Асанов өз құттықтау тілегін жеткізіп, құрмет белгісін табыстады. 

       Іс – шараға ауданның зиялы қауым өкілдері мен бір топ еңбек ардагерлері жәнеде аудан жастары қатыстырылды. Онда құрметті азамат медлімен мараптталған бір топ азаматтардың атқарған істер баяндалып, ауданның дамып, өркендеу жолындағы еткен еңбектері айтылды. Соның бірі Қарамырзаев Әділ 50-жылға шамалас ауданның электр – энергиясы саласында елеулі еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан шағында ауданның құрметті азаматы орденімен марапатталды.

     Сондай – ақ елге қызмет ету жолында тер төккен сондай азаматтың бірі Сарқұлов Ержан алғашқы еңбек жолын 1985 жылдан Республиканың әр өңірінде елеулі қызмет атқарып, кейіннен 2010 жылдан  бері Іріленген Мақтаарал ауданы кезеңінен бастап  өз қызметін атқарып, бүгінгі шара аясында  ауданның құрметті азаматы орденімен марапатталды.

      Еліміздің өркендеп, халық қамының жақсаруы осындай арда азаматтарымыздың арқасы. Атқарған осыншама іс-әрекеттеріне қарасаңыз тек аудан көлемінде ғана емес, еліміз үшін жасалған жақсылық деп бағамдауға болады. Көптің пікірі осындай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *