Skip to content

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕН – ҚЫЛМЫС

  Мақтаарал ауданының полицейлері  қызметтік міндетін атқару кезінде жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра,  көлік жүргізген жас жігітті анықтады.  Темір тұлпарды  заңсыз тақымданғаны аздай, жүргізуші есірткі уытына  мастанған халде болған. Мұндай мас жүргізушілер үшін заңда қандай жаза қолданылатынын білесізбе? Бұл жөнінде тілшіміз Клара Шербайқызы тарқатады.

   Жуырда  Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері аудан көшелерінің бірінен күндізгі сағат 15:50 шамасында “Daewoo Nexia” маркалы автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін тоқтатылған. Тексеру кезінде жүргізушінің масаң хәлі расталады. Сондай-ақ дәл осындай  іс әрекеті үшін бұдан алдын көлік басқару құқығынан 7 жылға айрылғаны анықталған. Қазіргі таңда екінші рет есірткі тұтынып,  көлік жүргізгені үшін Қылмыстық кодекстің 346 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бір ғана мысал. Мақтаарал аудандық сотының судясы Ержан Жолбарысұлының мәлім етуінше 2022 жылы дәл осындай 38 іс қаралған.

Ержан Саркулов, Мақтаарал аудандық сотының судьясы

ССР дің уақытында яғни за рулем приступек деген ұран болатын еді. Қәзір сол ұран нағыз өзекті мәселе деп санаймын. Масаң күйде автокөлік құралын басқарған адам қоғамға қауіпті адам деп санаймыз. Мәселен бәрі біледі. Ауғаныстан соғысында 10 жылда 14мың адам қайтыс болатын босла Қазақстында екі жылдың өзінде көлік құралдарын масаң күйде басқарғанның өзінен 15мыңға жуық адам қайтыс болады екен. Көрдіңіз ба қоғамға үлкен қауіпті дерт.

   Көшелерде көлік нөпірі көбейген сайын жол қозғалыс ережелері мен талаптарын бұзатын жүргізушілер жиі  кездеседі. Ағымдағы жылы бір айдың өзінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабы бойынша аудандық сотта 4 іс қаралып отыр.

Ержан Саркулов, Мақтаарал аудандық сотының судьясы

Биыл 2023 жылы 4 іс қаралыпты. Соның екеуі 608 баптың бірімен көлік құралдарын масаң күйде басқарған, біреуі 608-дің  6 бөлігімен яғни көлік жүргізуге құқығы жоқ адамдар, біреуі 608 3 бөлігімен, яғни адамның денсаулығына зиян келтіру. 608 бірінші бөлігі дегеніміз көлік құралдарын масаң күйде немесе есірткіқұмарлық масаң күйде басқарғандығы болады. Ол жерде жеті жыл көлік жүргізу құқығынан айрыла отырып, 15тәуліктің әкімшілік жазасы тағайындалады. Ал 608 3 бөлігі дегеніміз масаң күйде басқара отырып адамдардың денсаулығына зиян келтіру немесе мүліктің бүлінуіне алып келген іс-әрекеттер. Ол жерде 20тәулікке әкімшілік қамау жазасы болады, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру. 608 баптың 6 бөлігі бар. Енді ол көлік құралдарын жүргізуге құқығы жоқ адамдар. Ол жерде 20 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы берілген.

   Сала қызметкерлері аталған әкімшілік жаза өз көлігін масаң халдегі немесе  куәлігі жоқ адамның басқаруына берген жүргізушіге де қолданылатынын ескертеді.Жалпы жол-көлік оқиғалары адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай,  тараптарды қаржылай шығынға да алып келеді. Сонымен қатар зардап шеккендер мен олардың отбасы мүшелеріне моральдық соққы болатыны да жасырын емес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *