Skip to content

“МЕЙІРІМ-ШАПАҒАТ” ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНДІ

       Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде орналасқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты “Мейірім-Шапағат” балаларды оңалту орталығында жаңажылдық кеш өтті.

   Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ұйымдастырылған шараға “Amanat” партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мұхтар Кенжетайұлы Сарсенов қатысып, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, партия белсенділері тарапынан ұсынылған жаңа жылдық сыйлықтарын балаларға табыстады.

     Мерекелік іс-шарада мүмкіндігі шектеулі балалар ертегі кейіпкерлері және аяз ата, ақшақармен бірге суретке түсіп, көңілді әуенге би биледі.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *