Skip to content

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАР ТАЛАП ӨЗГЕРДІ

  Қазақстанда оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар өзгерді. Оқу-ағарту министірінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен орта білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді. Сонымен, қыздарға да ұлдарға да мектеп формасының элементтеріне түймесі немесе сыдырмасы бар тоқылған жемпірлермен кардигандар, поло жейде немесе футболка қосылады.

 Ұлдарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді. Пиджак, жилет, шалбар, көйлек, күнделікті жейде немесе түймелері әлде сырмалы құлып бар тоқылған куртка, поло жейде немесе футболка. Қысқы кезеңге тоқылған жилеттер. Сондай-ақ ер балалардың мектепке арналған шалбары ұзын және аяқтың тобығын жабады.

 Ал қыздарға арналған мектеп формалар тоқылған жилет, сарафан, пиджак, жилет, юбка және шалбар. Шалбар бос және ұзын, қыздарға арналған шалбар аяқтың тобығын жауып тұруы шарт.

   Сонымен бірге, киім үлгісінде ұлдарға ақ жейде, қыздарға ақ блузка киілуі керек деген талап алынып тасталды. Ал галстук енді міндетті элемент болып саналмайды. Мектеп формасына ерекше белгілерді: эмблеманы, патчы, шевронды және басқа да орта білім беру ұйымдарының атауларын орналастыруға рұқсат етіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *