Skip to content

НАЗАРБАЕВ ТАҒЫ БІР АТАҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

   Елбасы мәртебесімен қоштасып жатқан экс президент Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір атақтан айырылды. Қазақстанда бұдан бұлай “Құрметті сенатор” атағы ешкімге берілмейді. Бұл туралы ҚР-ның парламент палаталарының бірлескен отырысында талқыланды. 13 қаңтарда өткен  парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар “Тұңғыш Президент – Елбасы туралы”  заңның күшін жою туралы шешім шығарды. Толығырақ алдағы бейнесюжетте.

   Естеріңізге сала кетейік бұған дейін бұл атақ тек бір ғана адамға берілген болатын. Назарбаевқа ондай мәртебе беруді осыдан 3 жыл бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып, төсбелгіні қызы сол кездегі спикерлердің бірі Дариға Назарбаева таққан. Ол құжат бойынша экс президент сенат отырыстарына қатысып, сөз сөйлеуге құқылы болатын. Енді Нұрсұлтан Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды.

   Өздері берген атақты қайтарып алғанына қарсы болмаған депуттаттар, жиын барысында Әділет министрлігі тарапына бірқатар көкейдегі сұрақтарын қойды.

  Отырыс соңында 14 қаңтарда өтетін Сенат депутаттарын сайлауға да тоқталды. Сөздеріне сенсек, саяси науқанға дайындық аймақтарда лайықты деңгейде жүргізілді. Сонымен қатар сайлау барлық заң талаптарына сәйкес ашық өтетінін жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *