Skip to content
Главная страница » ОЛЬГА РЫПАКОВА СПОРТТАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

ОЛЬГА РЫПАКОВА СПОРТТАҒЫ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

    Олимпиада чемпионы әрі күміс және қола жүлдегері, қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Sanur.tv.

   Қазақстан жеңіл атлетика федерациясынан мәлім еткеніндей, атақты атлет бұл туралы Астанада жеңіл атлетикадан өткен жабық кешендегі Х Азия чемпионатында хабарлады.

  “Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын” -, деді О.Рыпакова.

Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-Министрі спортшыға алғысхат жолдады.

Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Құрметпен, ҚР Премьер Министрі Әлихан Смайылов” делінген алғысхатта.

Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған