Биыл еліміз бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Алқа отырысы барысында айтып, ведомсвтоның алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sanur.kz.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда турпакет шеңберінде саяхаттайтын кәмелетке толмаған жолаушылардың (2 жастан 17 жас аралығы) билет құнын субсидиялау бағдарламасы күшіне енді. Нәтижесінде былтыр Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды. Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді. Егер 2019 жылы Қазақстан 80-ші орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіштері жақсарып, 66-шы орынға жайғасты. Бағаның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір елге сапарлардың немесе инвестициялардың қаншалықты қымбат екенін өлшейді. Елге саяхаттауға байланысты төмен шығындар оның көптеген саяхатшылар үшін сұранысын арттырады, сонымен қатар оның туристік секторы инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осы құрамдас бөлікте баға бәсекелестігіне қатысты ескерілетін аспектілеріне мыналар жатады: әуе билеттеріне және әуежай алымдарына салынатын салықтар; қонақүйлердің салыстырмалы құны және қысқа мерзімді тұрғын үйді жалға алу; сатып алу қабілетінің паритетімен ұсынылған өмір сүру құны; сапар құнына тікелей әсер ететін жанармай шығындары.