Skip to content

“ШАРДАРА” СУ ҚОЙМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРІЛДІ       

   Сырдария өзенінің жоғары ағысының артуынан “Шардара” су қоймасына тасталған су мөлшері көбеюде.Бұл су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғып,көктемгі тасқын су апаттық жағдайдың болу тәуелділігін  арттырады.Кезек күттірмейтін мәселе жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды.

  Сырдария өзенінің бойында орналасқан “Шардара” су қоймасы жарты ғасырдан асам уақыт бұрын пайдалануға берілген.Су қойманың жалпы көлемі  5200 млн  шаршы метр квадрат.Қазіргі таңда су қоймада 4 млн метр квадраттан астам су бар.Көксарай су реттегішіндегі су көлемі артқан.Шардара су қоймасында апаттық жағдай орын алған жағдайда су қойманың төменгі бөлігіндегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі бар.Осыған байланысты “Қазсушар” Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Түркістан филиалының басшылығы бірнеше ұсыныс көтерді.

  Қауіптің алдын алу үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан мәселені мемлекетаралық келіссөздер арқылы шешуге ықпал жасаудың маңыздылығын алға тартты.Су шаруашылығы саласының  мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайдың алдын алу жөнінде Үкімет деңгейінде штаб құрудың маңыздылығын көтерді.Аталған мәселелер бойынша  Үкімет пен тиісті министірліккке хат жолданды.

  Бас қосуда су астында қалған Мақтаарал ауданындағы жағдай айтылды.Мәселен екі-үш жыл бұрын жарылған Сардоба су қоймасына 900 млн. текше метр су жиналса, «Шардара» су қоймасының көлемі одан 5-6 есе үлкен.  Сондықтан шұғыл түрде Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасының жанынан апатты су қашыртқы салынуы қажет.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *