Skip to content

ТҰМАУДАН САҚТАНЫҢЫЗ

    Жетісай ауданында тұмау мен жедел  респераторлық вирустық инфекция бойынша жағдай тұрақты. Жұқпалы дертпен күресуді қазірден бастау керек дейді, мамандар. Алдағы қаңтар және ақпан айларында бұл ауру түрі таралуы мүмкін деген болжам бар. 

   Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Қысты күні ауа райының салдарынан жиі ауырып жататынымыз рас. Тұмау мен респераторлық инфекцияның маусымы басталды. Қауіпті  инфекция адам денсаулығына  үлкен нұқсан келтіреді. Ауру асқынған жағдайда, оңалу да оңай емес. Сол себепті алдын алу маңызды дейді сала мамандары.

   Тұмаумен ауыратын бір адам айналасындағы 30-40 адамға жұқтыра алады. Бұл қыс мезгілі адам денсаулығының қатаң сынақтан өтетінін айтқан Жетісай аудандық санитарлық эпидемиалогиялық бақылау басқармасының мамандары алдын алу шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *