Skip to content

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

  Түркістан облысынан парламент Сенаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Кандидаттар өңірлерді аралап, сайлауалды бағдарламаларын таныстырып жүр.  Осы мақсатта сайлауға қатысатын кандидаттар Мирамбек Ақмұратов және Мұрат Қадірбек  Мақтаарал ауданына келіп, халық қалаулыларымен кездесті.

  Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығына, жұмыссыздық мәселесін шешуге, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталады. Аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев төрағалық еткен отырыста Парламент сенатына үміткерлер өздерін таныстырып, сайлауалды бағдарламаларын баяндады.

Мұрат Қадірбек, Парламент Сенаттығына кандидат

  Көптеген маманның жетіспеушілігі орын алып отырғанын бәріміз білеміз. Баспанаға кезектің өте үлкен болуы, түрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйелерін электр жабдықтау, ауыз су мен газбен қамту жүйелерінің жетіспеушілігі тоғандырады. Осы жағдайларды негізге ала отырып, негізгі бағыт-бағдарларды алып отырмын.

Мирамбек Ақмұратов, Парламент Сенаттығына кандидат

  ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кантидаттығына түстім. Бұл жердегі мақсатым жалпы сенат депутаттығы бұл жерде заң шығарушы орган болып есептеледі. Елімізде шығып жатқан заңдардың дұрыстығын, елге тиімділігін шығуын қадағалу. Бағдарламамда экономикалық саясат, ауыл шаруашылық саясат, жастар саясаты денсаулық сонымен қатар білім саласы идиология салаларын жетілдіру бағытында алға қойған мақсаттарым бар.

   Кездесу барысында аудан депутаттары кадидаттарға сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.  Аудандағы өзекті деген мәселелерді жеткізді.

Сүндет Кенжебаев, Мақтаарал аудандық мәслихатының  депутаты 

  Менің өзім тарапымнан үш мәселе айтылды. Рсепубликалық көлемде. Біріншісі мынау Атамекен постын ауыстыру мекен-жайын ол бойынша барлық құжаттамалар дайын. Ұсынылған сенаторларға. Одан кейінгісі екінші мәселе мына Сапар базарды үлкен харгос сияқты статусын беру.  Үшінші мәселе біздегі мынау тік дренаждар бар сол мәселе бойынша ол республикаға қарайды.  Бұл кісілердің қайсысы жеңімпаз болады ертең, соның қолына тағы құжаттама беріп осы үш мәселені негізге алып отырмыз.

   24 желтоқсаннан бастау алған сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары 12 қаңтарға дейін жалғасады. 13 қаңтар тыныштық күні. 14 қаңтар дауыс беру күні. Сайлау қорытындысы 20 қаңтарға дейін шығады. Мақтаарал ауданында 18 мәслихат  депутаты бар. Олар Түркістан облысына барып бір жерде дауыс береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *