Skip to content

ЖАС КӘСІПКЕР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

    Елдегі жетімінің маңдайынан сипап, жесірінің қолтығынан демеп қамқорлық көрсету, қайырымдылық жасау – қазақтың қанына сіңген қасиет. Бұл асыл құндылық сонау ықылым заманнан бері халқымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жасап келеді. Жүзіне немесе шыққан тегіне, руына қарамай жарлыларға жақсылық жасауға жаны құмартып тұратын Жетісай ауданының жас кәсіпкері Сұлтан Әбдіғаппарұлы бүгін сауабы мол қайырымдылық шарасын өткізді.

   Жақсылық жасауда өзгелерге үлгі болып, қайырымдылық шараларынан қалыс қалмайтын Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен шарада аудандағы жалғызбасты аналар мен аз қамтамасыз етілген әлеуеті әлжуаз 15 отбасы қамтылып, азық-түлік үлестірілді. Отбасыға қажетті ұннан бастап макарон өнімдері, түрлі тәттілер, картоп пен пияз, пісте майы, қант, ет сынды азық-түлік түрлері мен күнделікті тұтыну заттары да бар себетте.

  Қазақ жетімі мен жесірін жылатпаған, кеудесінен итермеген текті халық екені тарих қойнауына енген сан ғасырлардан бері белгілі қасиет. Тәуелсіз елдің бүгінгі Сұлтандай азаматтарының қанға сіңген қасиетті, ата дәстүрді жалғастырып, дәріптеп келе жатқаны көңіл қуантады.

  Айта кетейік, халқы тығыз орналасқан Жетісай ауданында көмекке мұқтаж жандардың, соның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жалғызбасты, көпбалалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешеуге айқын бетбұрыс жасалып, түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *