Skip to content

ЖАСТАР ҚАР ТАЗАЛАУҒА КӨМЕКТЕСТІ

  Мақтаарал ауданына биыл қалың қар түсті.  Ауа-райының тосын сыйы тұрғындарды әбігерге салды. Мұндайда ең алдымен  жалғыз лекті қарттарға қиын. Дегенмен, ауданның ерікті жастары ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, аулаларын қардан тазартуға көмектесті.

  Жастардың бұл ісі көпке үлгі. Аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шарасына 2 кент пен 9 ауылдық округтен 100-ден астам ерікті жастар қатысып, қазіргі таңға дейін 29 үй ауласы қардан тазартылған. Жалғызілікті қарттардың тізімін ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жасақтап берген.

   “Қыс қаһарына мінді. Жерлестеріміз мұндай қарды соңғы рет 1995 жылдары көргенін айтуда. Қардың тынымсыз жауғанына байланысты 150-ден астам жұмысшы қар тазалауға жұмылдырылған. Аталған жұмысшылар кенттер мен елді мекендердегі орталық көшелердің бойындағы, мекемелерге, нысандарға алып баратын жолдарды,  халық көп шоғырланатын орындарды, саябақ пен гүлзарларды қардан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Мұндай сәтте жастар да қарап отырмай,  жұмысшылардың ерен еңбегін ескеріп, қар тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшыларға шәй, кофе, бәліш, құймақ, самса және тәттілер үлестірді. Сондай-ақ, бейнеттері үшін алғыс айтып, қар күреу жұмыстарына көмек көрсетті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *