Skip to content

ЖАУАПТЫЛАРҒА ЖҰМЫСТЫҢ САПАСЫН ҚАДАҒАЛАУДЫ ТАПСЫРДЫ

   Жетісай ауданының әкімі жұмыс жоспары барысында Жаңа ауыл ауылдық округінде болып, өңірдің тыныс-тіршілігімен, автомобиль жолдарының жағдайымен танысты. Округ әкімінің ұсыныстарын тыңдап, мемлекеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапасын бақылауды тапсырды.

  Жүздесу барысында округ әкімі Сұңғат Амангелдиев аудан басшысына 6 елді мекені бар Жаңа ауыл ауылдық округінде жалпы ұзындығы 78,2 шақырымды құрайтын 60 ішкі көшенің 31,3 шақырымы, яғни, 40%-дан астамы жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігін, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Атақоныс ауылындағы ескі ауыз су құбырларын жаңарту, Ынтымақ, Жаңа ауыл ауылдарының жаңадан құрылған жоба көшелеріне ауыз су құбырларын тартуға, Ынтымақ ауылындағы жаңадан құрылған жоба көшелерге тас төсеу, асфальттау, тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту, халық көп жүретін және мектеп, балабақша, медицина нысандарына баратын жол бойларына аяқжолдар салу, округтегі газдандырылмаған 5 елді мекенге табиғи газ құбырларын тарту, Мырзашөл елді мекеніндегі мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, тұрғындардың Жетісай қаласымен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты қоғамдық көліктерді жүргізу мәселелерін айтты.

   Коммуналдық сала мамандарының мәліметінше ауыз судың жетіспеушілігін шешу мақсатында бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ және Атақоныс елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы сметалық құны 3 млрд 526 млн теңгені құрайтын нысанның құрылыс жұмыстарын «Компания АрАй-НС» ЖШС мердігер компаниясы жүргізуде. Округтің әкімшілік ғимаратын ауыстру, бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану мәселелері де сөз болды.

   Сонымен қатар, Ынтымақ елді мекеніндегі жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізіп, жобалуашы «Архитекторлар тобы» ЖШС тарапынан жүргізілген жобалау жұмыстарына сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бүгінде жалпы сметалық құны 557,6 млн теңгені құрайтын жобаның құрылысына қаржы бөлдіруге салалық басқармаларға ұсыныс енгізілген. Мән-жаймен танысқан аудан басшысы қазіргі жағдайға байланысты автомобиль жолдарына тұз аралас құм сеуіп, тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасауды тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *