Skip to content

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ШЕКТЕЛДІ

  Елімізде ауа-райының қолайсыздығына байланысты 122 жол учаскесі жабық тұр, сондай-ақ жолда қалған 56 адам жылыту пунктіне жеткізілді. Төтенше жағдай министрлігі бүгін таңғы 6:00-дегі жолдардағы өзекті ақпаратты ұсынды.

  Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жолдың 122 учаскесі жабылған. Оның ішінде 42 жолда дизельмен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысына тыйым салынған. 

  Өңірлердің ішінде әзірге Қарағанды облысында ғана жолда автокөлік жиналған. Дәл қазір Қарағанды облысының Теміртау қаласынан шыққан тұсында 57 техника тұр.

  Ағымдағы тәулікте құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 5 баланы (Қостанай – 7/5) эвакуациялады.

  Уақытша жылыту пунктіне 56 адам орналастырылды, оның ішінде 11 бала бар (Ақмола облысы – 49/6, Қостанай облысы – 7/5).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *