Skip to content

ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

   Жолың жақсы болса, көлігің тыныш, көңілің  жай. Бірақ Достық ауылдық округі, Бескетік ауылының тұрғындары үшін жол – өзекті мәселе болып отыр. Ал ауыл әкімі Данияр Асауов жол құрылысына ағымдағы жылға арнайы  жоба дайындалып жатқандығын айтады. Сонымен тұрғындардың көптен күткен көше жөндеу жұмыстары  қашан басталмақ?

   4755 ке жуық тұрғыны бар Достық ауылдық округіне қарасты Бескетік ауылы ырыс ынтымағы жарасқан, шаруасы оңды елді мекен. Дегенмен ауыл халқын жол мәселесі алаңдатады. Көктем мен күз мезігілінде нөсерлетіп жауын жауса  жолдың үсті әп сәтте лайлы батпаққа айналады. Әрі кедір бұдыры көп көше көліктергеде  кедергі. Ал, ауыл халқы тақтайдай тегіс жол салынар деген үкілі үмітпен жүр.

  Рустам Жаппаров, ауыл тұрғыны

 Көше жаман. Балдарға жүріп болмайды. Су болып кетеді. Бір көшелер бар таза жүре алмайды, машинада жүре алмайды. Істеу керек жолды жақсылап.

Бағдат Керімбеков, ауыл тұрғыны

  Одан кейін екі көшені істеді. Осыдан бір төрт бес жыл алдын. Енді қалғанын былайынан кіретін көшелеріміз нашар. Мынадай ойылып кеткен жерлеріміз бар. Ремонт керек ауылға.  Қарау керек. Жай -жай қаралып жатыр. Биылдары істейміз деген білмеймін енді. Істеп беретін шығар деп отырмыз енді. Екінші көшеміз ғана тегіс басқаның бәрі қотыр, оңқыр-шұңқыр. Ойылып жатқан жерлер көп.

   Жолдың жай жапсарын ауыл әкімі Данияр Асауовтан сұрап  білдік. Айтуынша, тұрғындар көптен күткен жол құрылысы биыл басталмақ. Елдімекен ішінде 13 көше болса,  соның 11- і “Ауыл –  ел бесігі” жобасына еніп, республикалық бюджеттен асфальт төселеді деген жоспар бар.  

   Данияр Асауов, Достық ауылдық округінің әкімі

    Бұл 58 км-дің бүгінгі таңға 4 пайызы ғана асфальтталған. Енді биыл жобамызда Бескетік елді мекенінде 11көшеміз жобаға енген. Бескетік елді мекені полный жобаға сызбасы кіріп асфальттеледі. “Ауыл ел бесігі” бағдарламасы бойынша. 2021 жылы ауыл елбесігі бойынша Ж.Қалшораев елді мекенінде 7 км істелінген. 2022 жылы Хайдар елді мекенінде 2км Гүлстан елді мекенінде 1,5 км жол асфальтталған.

   Достық ауылдық округінде барлығы 51 көше бар. Көшелердің жалпы ұзындығы 58,27 шақырымды құрайды. Оның 60 пайызға жуығы күрделі жөндеуді қажет етеді. Яғни, асфальтталғаны 22,36 шақырым болса,  ал асфальтталмаған  35 көше бар. Биыл соның 11-і “Ауыл – ел бесігі”  бағдарламасына енсе, ал аудандық бюджеттен Достық ауылындағы Әбдешов және Гүлістан ауылындағы Ұзақов көшелеріне жөндеу жүргізілмек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *