Skip to content

СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ: ҚАР ІРІ ҚАЛАЛАРДА ШЫҒАРЫЛЫП, АУЫЛДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛУДА

      ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар жүргізілгенін баяндады, деп хабарлайды Sanur.kz.

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақытылы шығарылуы маңызды. Жергілікті бюджеттерден қар шығаруға бөлінген қаражатты талдау олардың негізінен ірі қалалар мен облыс орталықтарынан қар шығаруға бөлінетінін, ал көптеген ауылдық елді мекендер тиісті назардан тыс қалатынын көрсетеді», – деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

     

      Жарылыс жұмыстары арқылы өзендердегі мұздың ыдырауы да маңызды рөл атқарады. Бүгінгі таңда өңірлерде әкімдіктер жарылыс жұмыстарын жүргізуге 35 шарт жасады.

«Біз бұл мәселені Роман Васильевичтің (Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ред.) жиналысында талқыладық. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қоймаларда жарылғыш материалдарды сақтау орындары мен көлемін анықтау жұмысын жүргізді. Олардың саны 150-ден асады, онда 130 мың тоннадан астам жарылғыш заттар сақталады», – деді Ю. Ильин.

 

    Айта кетейік, биыл су тасқыны қардың көп болуына және топырақ қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін, бұл 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *