Skip to content

СҰЛТАН ЗӘУІРБЕК АНГЛИЯДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІН НОКАУТПЕН ЖЕҢДІ

    Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 9КО) Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Sanur.kz бұл туралы әлеуметтік желідегі Kazproxing паракшасына сілтеме жасап хабарлайды.

     Бұған дейін хабарлағанымыздай, Зәуірбектің қарсыласы – аргентиналық Факундо Арсе (15-9-2, 7КО) болды. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бесінші раундта оппонентін техникалық нокаутпен жеңді.

   Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында 14-інші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетсек, ол WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Бұған дейін оған WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулы да тиесілі еді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *