Skip to content

ТАБИҒИ БАЙЛЫҚ ЕЛІМІЗДІҢ ОРНЫҚТЫ ДАМУЫНА НЕГІЗ БОЛА АЛМАЙДЫ – ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

     Табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

     «Біз азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған шынайы нарықтық экономикаға көшуіміз қажет. Сондықтан алдымызда күрделі кезең тұр. Біз қиын-қыстау заманда өмір сүріп жатырмыз. Дәстүрлі экономикалық және логистикалық байланыстар үзіліп жатыр. Оған қоса инфляция шарықтап тұр», – деді Мемлекет басшысы.

  Президент әлем экономикасының даму қарқыны төмендеп кеткенін ескертті.

   «Мемлекеттер қарызға белшеден батты. Сауда-саттыққа кедергі көбейеді. Сондай-ақ елдердің өзара сенімі азайып барады. Мұның бәрі әлем экономикасындағы қалыпты жағдайға айналды. Бұдан былай табиғи байлық еліміздің орнықты дамуына негіз бола алмайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *