Skip to content

ТАУ-КЕН ӨНДІРІСІ КӘСІПОРЫНДАРЫН ДАМЫТУҒА 259 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫНАДЫ

        ҚР Үкіметі мен «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ инвестициялар туралы келісімге қол қоюы мүмкін. Тиісті құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «ҚР Үкіметі мен «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы арасындағы Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жобасы мақұлдансын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевқа ҚР Үкіметі мен «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ арасындағы инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін», – делінген Үкімет қаулысында.

    Келісімде жазылғандай, инвестор «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ міндеттеме аясында 8 жыл ішінде тау-кен өндірісі кәсіпрындарын дамытуға 259 млрд 205 млн теңге инвестиция салады.

   Атап айтақанда, қаржы мына салаларға бағытталады:

– тау-кен өндіру және қайта өңдеу бөлімшелері үшін жабдықтар сатып алу – 86 млрд 928 млн теңге;

– тау-кен саласындағы кәсіпорындаға күрделі жөндеу жасау үшін – 61 млрд 949 млн теңге;

– фабрика кешенінің негізгі құралдарын жаңарту үшін – 86 млрд 200 млн теңге;

– өндіру және қайта өңдеу қуаттарында IT жүйелерін енгізу, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша тіркелген активтерді сатып алу, ауыстыру, құру үшін – 24 млрд 128 млн теңге.

     Келісім жобасы 20 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *