Skip to content

ТІЛ ҒҰМЫРЫ-ҰЛТ ҒҰМЫРЫ

      Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры. Осындай айдармен Мақтаарал ауданда тілдер мерекесіне арналған апталықтың ашылу салтанаты болды.  Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейту мақсатындағы шараның өтуіне   Аудандық   тілдерді оқыту және дамыту орталығы арқау болды.

   Қазақстан халықтарының тілдері күнінің маңызын жұрт сезінуі үшін аудандық орталық кітапханысында ұйымдастырылған шараға өзге ұлт өкілдері, кітапхана оқырмандары арнайы, қоғамдық ұйым төрағалары, әдіскерлер қатысты. Атаның қаны, ананың сүтімен дарыған асыл тіліміздің мерейін өлең шумақтар, нақыл сөздер арқылы асқақтатты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырған бірқатар сала мамандары тіл жанашырлары арнайы марапатқа қол жеткізді.

ТАНОВАР ТАСТАНБЕКОВА

Мақтаарал аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының басшысы

    Бүгінгі мінекей апталықтың бірінші күні. “Тіл ғұмыры ұлт ғұмыры” деген. Өзге ұлт жастарының өзге ұлт өкілдерінің өзіміздің тіл жанашырларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізіп жатқан жайымыз бар. Мақсатымыз Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, этносаралық ынтымақты сақтау, мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыру.

    Атаулы дата «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты қойлған. Яғни Бүгін 5 қыркүйек барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде тілдер мерекесін тойлайды. Тілдерді оқыту орталығы басшысының айтуынша тұрғындар арасында тіл үйренуге деген құлшыныс жоғары. Соның ішінде қазақ тіліге деген сұраныста жоқ емес

ТАНОВАР ТАСТАНБЕКОВА

Мақтаарал аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының басшысы

   Тілге деген сұраныс өзге ұлт жастарынан өте жоғары. Белсенді қатысады. Өздеріде біледі негізінен. Пунктуациялық жағынан үйреуге қызығушылықтары бар. 202 адам бірінші кезеңге оқыды. Енді екінші кезеңімізде 220 ға жуық адам оқып жатыр.  

    Иә өңірде мемлекеттік тілді меңгерген, және қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметіндеде қолданып жүрген өзге этнос өкілдері жоқ емес.  Дерлік барлығы өз тілімен қоса қазақ тілін  таза сөйлейді десем артық емес. Соның бірі өзбек ұлты Нұрсұлтан Жұмабекұлы.

НҰРСҰЛТАН АЛТЫНБЕКОВ

 Мұғалім

Өзбек ұлты болуыма қарамастан қазақ тілін сүйемін. қазақ тілін оқыдым.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

  Өз тіліңді құрметте.” деп ақиық ақын, жазушыларымыз бекер айтпаған болар. Бүгінгі тілдер мерекесінің аталу себебі қазақтың ақын жазушысы байтұқрсыновтың туған күіне орай ұймдастырылып жатыр. Тілдер мерекесін жыл сайын атап өткізеді. Екі жылді бері қатысамын. Қазақ тілі мәңгі жасасын.

      Тіл достықтың кілті, бірліктің бастауы, ұлттың жаны әрі ары. Тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамды ілгері дамытуы мүмкін емес. Басқосуда қазақ тілінің бұдан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, ел жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілге құрметпен қарау сияқты  мәселелер ортағы салынды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *