Skip to content

ТҮЛКІБАСТА 32 МЫҢНАН АСА АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

        Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды егілген ағаштарды күтіп-баптау, өсіру ісін сапалы атқаруды, көгалдандыруға қатысты жұмысты күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы орайда Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың бастамасымен биылғы жылға аудан аумағын көгалдандыру мақсатында тал көшеттерін отырғызатын орындар алдын ала дайындалып, сол жерлерге қазіргі таңда күзгі жасыл екпелерді отырғызу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Биыл көктем мезгілінде аймақта түрлі ағаштардың 43 929 көшеті отырғызылды. Атап айтсақ, қазірдің өзінде ауданға көрік беріп тұрған 150 шырша, 2950 үйеңкі, 250 емен, 365 қарағай, 2035 туя, 50 слива писарда, 3500 айлант, 1350 тұт, 8000 жапон сафорасы, 840 шаған, 3200 боз арша, 100 терек, 10990 сән ағаш, 1500 қараған, 2750 аморфа, 3300 роза, 2599 талшын бірнеше жылда бой көтеріп, жасыл желекке айналары анық.
 
Биылғы күздік маусымда 32 090 дана үйеңкі және қарағаш көшеттері 15 ауылдық округ, кент аумақтарындағы арнайы белгіленген орындарға егілді. Бұл жерде аудан әкімінің тікелей бақылауымен күре жол бойлары мен көшелерге егілген сәнді ағаштар көшеттерінің айналасы арнайы қоршалып, суғару жүйесі жасалып, арық-атыздар қазылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *