Skip to content

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

   Тұрғындар тілегі орындалды. Көп жылдан бері қашыртқыдан шыққан қолаңса иіске тұншыққан Қожанов көшесінің тұрғындары енді бұл азаптан құтылды. Жергілікті қазынадан қаржы бөлініп, қашыртқы айналасы тазаланып, үсті бетон қаптамамен жабылды.

  Иә, дәл осы қашыртқы көпқаббаты үйлердің бас ауруына айналған болатын. Бір орнында ақпай тұрып қалған лас су, айналасы қоқыс пен қалың ну жұртты әбден әбігерге салған. Бәрінен де балаларға обал болған. Ойнайтын жер таппай, осы маңды айнолсоқтап шықпай қойған. Оларға мұндағы бақа, жылан, одан қалса көлемі мысықтан кем емес  қызық атжалман. Қуады, ойнайды, сасық суға түсіп кетем бе деп қорықпайды. Есесіне ана көңілі алаң. Осы ма дейді аудан орталығы болған қалаң. Қашыртқыны тазалап, айналасын абаттандырып, жауып берсе екен дейін тас бетонмен қаптап. Әйтпесе, терезені ашудан, ауаны кең тыныстап жұтудан қалдық  деген. 

ҰЛМЕКЕН АЛИБЕКОВА, Қала тұрғыны

Бұны жалпы жауып тастап, всегда таза болса  екен. Шөбін тазалап, СЭС  келіп крсы жыландарды өлтіріп берсе дейміз. Мына балапандар ойнай алмайды. Тістеп ала ма, шағып ала ма. жоқ, түсіп кете ма деп.

  Қожанов көшесінде тұратын 40 шақты үйдің бұл тілегі ескерусіз қалған жоқ. Қашыртқы айналасы тазаланды. Үсті тас бетонмен қапталды. Оған жергілікті қазынадан миллиондар жұмсалды. 

БЕРІК МӘМБЕТОВ; Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы

Жетісай қаласы, Қожанов көшесі тұрығнадарының өтінішіне сәйкес  2023 жылғы тамыз айынан бастап 700 метрді құрайтын коллекторымыздың бетін бетон қаптамасымен жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған қаптамаларға 11 млн теңге қаржы қарастырылды.

  Әзірге жұмыс жартылай орындалған. Дегенмен, осының өзі талай көңілге медеу. Әсіресе, балалардың арманы орындалғалы тұр екен.

БЕРІК МӘМБЕТОВ;  Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы 

Аудан әкімі Серік Үсенұлының бастамасымен бұл жерге балаларға аллея салып беруді жоспарлап отырмыз. Бұл кәсіпкерлердің көмегімен жүзеге асатын болады.

                                                        

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *