Skip to content
Главная страница » ТҮРКІСТАН МЕН КЕНТАУДА ЖӘНЕ ҮШ АУДАНДА КӨЩЕЛЕРДІ СУ АЛЫП КЕТТІ

ТҮРКІСТАН МЕН КЕНТАУДА ЖӘНЕ ҮШ АУДАНДА КӨЩЕЛЕРДІ СУ АЛЫП КЕТТІ

    Түркістан облысында күн жылынып, таяуда жауған қалың қар тез еріп жатыр, деп хабарлайды Sanur.tv  Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

   Бүгін, 2 ақпан сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген.

  Салдарынан Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.

  ТЖД қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмысын жүргізіп жатыр.

   50-ден астам құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған