Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 5 АУЫЛДЫҢ ӘКІМДЕРІН САЙЛАУ ӨТЕДІ

   Түркістан облысындағы бірнеше елді мекенде әкімдер сайлауы өтеді, деп хабарлайды Sanur.kz.

  Мәлім болғандай, Түркістан облысындағы мына елді мекендердің әкімдері сайланады:

– Арыс қаласының Дермене ауылдық округ әкімі;

– Сарыағаш ауданының Жартытөбе ауылының әкімі;

– Сарыағаш ауданының Дербісек ауылының әкімі;

– Сауран ауданының Жүйнек ауылының әкімі;

– Созақ ауданының Қарақұрт ауылының әкімі.

    Жоғарыда аталған барлық елді мекеннің әкімдерін сайлау бір уақытта, яғни 14 мамырда өтеді.

  «Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсынған кандидаттарды тіркеу 6 сәуірден басталады және сайлау өткізілетін күнге 25 күн қалғанда, яғни 19 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады», – делінген Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында жариялаған хабарламада.

   Бұрын хабарлағандай, мамырда Ақтөбе облысына қарасты 4 ауылдық округтің әкімдерін сайлау өтпек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *