Түркістан облысында кәмелетке толмағандарға қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Sanur.kz. Түркістан облысында 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, жастар қылмысы мен құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты азайту. Рейд барысында түнгі мезгілде кафелер мен көшелерді аралаған облыс полицейлері 365 жасөспірімді анықтап, оларды полицияға жеткізді.
Яғни, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар саласына қатысты 385 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен – 16 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша 13 құқық бұзушылық орын алған. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабы бойынша төрт құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша сегіз жайт анықталды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған бойынща ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігімен – 35 жайтты, ал 442-бабының 2-бөлігі түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 292 жасөспірімді анықтады. ІІО-ды профилактикалық есебіне – 76, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 46 кәмелетке толмаған және 30 қолайсыз отбасы есепке алынды.