Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫРЫҚТАҒЫ БАТЫР АНА 11-ШІ БАЛАСЫН БОСАНДЫ

    Биыл 20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы батыр ана дәрігерлердің көмегімен отасыз 11-ші баласын өмірге әкелді. Орталықтағы дәрігерлер, ана мен баланың жағдайы жақсы екенін айтады, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
  Медицина мамандарының мәлімдеуінше, сарыағаштық Айнагүл 11-перзентін де отасыз өзі босанған. 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі дейді дәрігерлер.
 
   Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені – 21жаста. 11-ші перзентін келіншек Мұстафа деп атапты.
 
   Айнагүлдің жолдасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам. Келіншектің өзі бала күтіміне байланыста үйде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *