Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАН ДӘМХАНА ИЕСІНЕ 800 000 ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

     Түркістан облысында санитариялық талаптарды сақтамаған дәмхана иесіне 800 000 теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Әлеуметтік желіде Сайрам ауданындағы «Минутка» дәмханасында тағамдардың санитариялық талаптарды сақтамай дайындалатындығы туралы видео тарады. Онда автор тазартылмаған ыдыстарға салынған тамақ өнімдерін видеоға түсіріп алған.

  Аталған жағдай бойынша Түркістан облысы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті жеке кәсіпкерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бап 1-бөлігіне сәйкес, 230 АЕК (793 500 теңге) айыппұл салынғандығын мәлімдеді. Сондай-ақ, 17 сәуірге дейін өрескел заңбұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берген.

    «Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жуу, жинау, және дезинфекция жұмыстарының сапасыз жүргізілгендігі, тамақтану залындағы желдету жүйесінің жалюзді торларының жуылмағандығы анықталды. Сондай-ақ, шайындыларды микробиологиялық зерттеу нәтижесінде 20 сынамадан 2 ішек таяқшалар тобының бактериясы табылды. Тағам дайындауда пайдаланатын ет және ет өнімдері, макорон, ұн, өсімдік майының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болмаған», – делінген Түркістан облысы санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан ақпаратта.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *