Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰСАҚ МАЛДАН СІБІР ЖАРАСЫ ТІРКЕЛДІ

    Түлкібас ауданы, Шақпақ ауыл округі, Шақпақ баба елді мекенінде бір ұсақ малдан сібір жарасы табылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

    Шақпақ баба елді мекенінің ұсақ малдарын бақташы ауылдан 4-5 шақырым жерде бағып жүрген. Соның ішінде 7 айлық тоқты сібір жарасын жұқтырған деген күдік болған. Кейін мамандар тарапынан жүргізілген сараптама оң нәтиже берді.

«Орын алған ошақтағы 504 бас уақ малмен 1 бас жылқыға вакцина және 60 000 мың мл глюзамин ВЕТ залалсыздандыру препараты бөлініп, елді мекеннен 4 шақырым қашықтықтықта орналасқан 1000 шаршы метр қоражай аумағына бүрку арқылы дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары және ауыл шаруашылығы жануарлары арасында «Сібір жарасы» ауруының белгілері тіркелмегенін, облыс көлемінде эпизоотиялық жағдай тұрақты екенін хабарлаймын» – делінген Түркістан облысы ветеринария басқармасы ұсынған ақпаратта.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *