Skip to content

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ДУБАЙДА ӨТКЕН БІЛІМ САЙЫСЫНДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

     Түркістан облысында білім саласына қолдау көрсетіліп, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Ұстаздардың біліктігін көтеру, оқушыларды жаңа тәсілдермен білімге баулу бастамалары өз жемісін беруде. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №7 “Тұран” мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары Жандарбек Інжу және Беркімбай Асылзат Біріккен Араб Әмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарысқа қатысып, жүлдемен оралды. Қазақ елінің абыройын асырған қос чемпион өңірде білімді оқушылар шоғыры бар екенін дәлелдей білді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *