Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
Аудан әкімі Азат Оралбаев бағаны тұрақтандыру бойынша жәрмеңкені аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері тұрғындарға қолжетімді бағада саудалануын тексерді.
Сенбілік жәрмеңкеге ауданға қарасты ауылдық округ шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылды.
Жәрмеңкеде: сиыр еті — 2000 теңгеден, қой еті 2200 тг; көкөністер, картоп 100-80 тг; сәбіз 200-150 тг; пияз 100-70 тг; қияр 250-200 тг; шұжық өнімдерінің онға жуық түрі 670-1500 тг; қырыққабат 300-250 тг; асқабақ 80-100 тг; қызыл-көк болгар 70 тг; ТОО «Инфрастрой» ЛТД құс еті өнімдері 900-1300 тг; ТОО «Ордабасы НАН» ЖШС I сорт 50 кг ұн — 9700 тг; алма 200 теңгеден сатылды.