Skip to content

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТҰРҒЫНДАРҒА 132 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

   Бүгін Ордабасы ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі. 
 
«Бұл – жұмыссыз жүрген жастар, қызметінен айырылған азаматтар үшін таптырмас мүмкіндік», дейді іс-шара ұйымдастырушылары.
 
   Жәрмеңкеге жұмыс іздеген азаматтарға ауданға қарасты 35 жұмыс беруші мекемеден 132 бос жұмыс орны ұсынылды.
 
  Жәрмеңкеге қатысқан жұмыссыз азаматтарға бос жұмыс орындары және жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *