Skip to content

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП, КӨМЕК БЕРІП ЖАТЫР

   Түркістандық полицейлер жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көмек беріп жатыр, – деп хабарлайды Sanur.kz.

   Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жылдың төрт мезгілінде, ауа райының ыстық-суығына қарамастан жол бойында қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтауды түсіндіріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуда тәулік бойы қызметте жүреді. Мәселен күні кеше Самара – Шымкент тас жолының 2236 (Шымкент бағытына қарай) шықырымында, Машат асуы жабық болғандықтан, барлық жүк көліктерін жақын маңдағы арнайы автотұраққа қойғызып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

   Мұндай профилактикалық шаралардан бөлек, жолда көлігі бұзылып, тұрып қалған жүргізушілерге жәрдем берді. Нақтырақ айтсақ, полицейлер Сарыағаш – Жібек жолы – Жетісай тас жолының 151 шықырымында, Audi 80 автокөлігінің бұзылып тұрғанын байқаған.

  Патрульдеу бағыттары бойынша жүрген қызмет инспекторлары Сәкен Сәрсенбаев пен Дәулет Сағынбаев, жүргізушінің хал-жағдайын сұрап тілдесу барасында, көліктің доңғалағы жарылғанын білген. Содан тәртіп сақшылары автокөлік иесіне көмектесіп, доңғалағын ауыстырып берген. Жарты сағат жауынды ауа райында тұрып қалған жүргізуші, өзін көрген сәттен тоқтап, көмектескен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *