Skip to content
Главная страница » ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

     Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлде түсті. Байдарка және каноэде ескек есу спортынан Түркістан облысының спортшысы Ульяна Киселева күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
Ол Маргарита Торлоповамен бірге жұптық сайыста 200 метр қашықтықты 46.627 секундта бағындырып, екінші орынды еншіледі.
 
Ульяна Киселева 2004 жылы дүниеге келген. Түркістан облысының су спорты түрлері мектебінің спортшысы. Бапкері – Еркебұлан Кенесов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған