Skip to content

ТҮРКІСТАНҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

       Ежелден арасын Ұлы Жібек жолы байланыстырған киелі Түркістан қаласы мен Қытай елінің өңірлері іскерлік әріптестік қатынасты қайта жандандыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан өңірінің делегациясы Қытайға кезекті рет барып, өндіріс орындарын аралады.
 
Делегация құрамында Түркістан қаласы әкімінінің орынбасары Байдулла Оразбеков бастаған топ Қытай мемлекетінің 8 қаласын аралап, 10-нан астам ірі өндіріс орындарында болды. Бизнесті қолдау жане туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов ҚХР-дың Хэнан провинциясында құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін зауыт басшыларына және тағы басқа ірі кәсіпкерлеріне іскерлік байланыс шарттарын таныстырып, Түркістан қаласына инвестиция құю тиімділігіне тоқталды. Сәндеуге және әрлеуге арналған құрылыс сұйығын жасайтын зауыт басшылығымен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
 
Делегация тарапынан келіссөздер жүргізіліп, инвесторларға кәсіпкерлік ынтымақтастықты нығайту барысын талқылауды Түркістанда жалғастыру ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *