Skip to content
Главная страница » ТҮРКИЯ МЕН СИРИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 21 МЫҢНАН АСТЫ

ТҮРКИЯ МЕН СИРИЯДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ САНЫ 21 МЫҢНАН АСТЫ

    Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінің төртінші күні қаза тапқандар саны 21 мыңнан асты, деп хабарлайды Sanur.kz TRT телеарнасына сілтеме жасап.

   Түркия вице-президенті Фуат Октай табиғи апаттан қаза тапқандар саны 17 674-ке, жараланғандар саны 72 879-ға жеткенін айтты.

   Көршілес Сирияда кем дегенде 3 377 адам қаза тапты. Екі елде опат болғандардың жалпы саны 21 051-ге жетті.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. АҚШ Геологиялық қызметі мәліметінше, 7,8 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Сондай-ақ Түркияның әр жерінде тұрғын үйлер мен тарихи Газиантеп бекінісі қирады. Ал Италияда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін цунами қаупі ескертілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған