Skip to content

ТУРКИЯДА ЗІЛЗАЛАДАН ҚИРАҒАН ҒИМАРАТТАР ІСІ БОЙЫНША 247 АДАМ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

     Түркияда жер сілкінісінен қираған ғимараттар ісі бойынша 247 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sanur.kz түркиялық Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

    «Апат аймағында орналасқан провинциялар прокуратураларының шешімімен 6 ақпандағы оқиғадан кейін қираған ғимараттардың құрылысына қатысы бар 997 күдікті ұсталды. Нәтижесінде ұсталғандардың 247-сі қамауға алынды, 322 күдіктіге қатысты сот бақылауы тағайындалды», – деп жазылған ақпаратта.

   Сонымен қатар 198 күдіктіні тұтқындауға және 102 адамды ұстауға санкция берілген.

   Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда 7,7 магнитудасымен жойқын жер сілкінісі болды. Зілзала ошағы Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында орналасты, тереңдігі – 7 шақырым. Салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимарат қирады.

   Қазіргі уақытта зілзаладан 45 968 адам қаза тапқаны белгілі болды, олардың 4 267-і Сирия азаматы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *